Қарағандыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Сенбі, 29 наурыз Қарағанды қаласында шағын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Сауданың басталуы сағат 9:00-де.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылық өнімдері, ет-сүт өнімдері және жергілікті тауарлар нарықтық бағадан төмен сатылады.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелер қаланың үш секторында ұйымдастырылған:
Оңтүстік-Шығыс – «Global City» СОО фермерлік орталығы (134-ші есептік орам, 921-құр.);
Майқұдық – «Умай» СҮ (Карла Маркса к-сі, 9);
Пришахтинск – «Жастар» МҮ (Металлистов к-сі, ст24/2).
Қарағанды қаласы әкімінің аппараты