Қарағанды – жастар спортының алдыңғы шебінде

Қарағанды облысы жастар спорты бойынша елімізде көш бастап келеді. Қазақстанда төрт жылда бір рет өтетін беделді дода – VI Жастар спорттық ойындары биыл Сарыарқа төрінде, Қарағанды қаласында қорытындыланды.

Байрақты бәсекеде еліміздің әр өңірінен келген ең үздік жас спортшылар 34 олимпиадалық спорт түрі бойынша бақ сынады. Жалпы саны 2000-нан астам қатысушы спорттық шеберліктерін көрсетті.

Қарағанды құрамасы бұл ойындарда айрықша нәтижеге қол жеткізді – 159 медаль (56 алтын, 42 күміс, 61 қола) иеленіп, өңірлер арасында бірінші орынды иемденді. Жалпыкомандалық есепте Қарағанды Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан кейін төртінші орынды еншіледі.

Бұл – Қарағанды спортшыларының Жастар ойындары тарихындағы ең жоғары көрсеткіші. Аймақтың спорттық әлеуетін арттыру, жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын дамыту бағытындағы жүйелі еңбектің нәтижесі осы деуге болады

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,

«QH»