Қарағанды сардары үздік атанды…

Желтоқсан айының 13 мен 15 аралығында Астана қаласында орналасқан Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында батальон құрамындағы үздік офицерлер мен сержанттарын анықтау конкурсының шешуші 3 кезеңі өтті.

Тексеру барысында әскерилерге жеке дара дайындығы бойынша келесідей әскери пәндерге аса назар аударылды: мемлекеттік-құқықтық дайындығы, тактика пәні, атыс пен дене шынықтыру, жалпы әскери жарғыларының талаптарын білу, радияциялық химиялық биологиялық қорғанысы мен әскери құжаттама мен мемлекеттік тілді игеруі бойынша тексерілді.
Үш күн аралығында әскери қызметшілер тестілеумен, нормативтерді тапсырды.

Номинациялар бойынша ҮЗДІК БАТАЛЬОН ШТАБ БАСТЫҒЫ болып Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің 4 атқыштар батальонының штаб бастығы майор Азамат Тананов атанды.

Айта кетерлік, аталмыш конкурсқа Азамат Тананов екінші рет қатысуда, алғашқысына 2021 жылы қатысып, 3 орынға ие болды. Офицер аталмыш лауазымдағы міндетін 2020 жылдан бастап атқаруда.

Әскерилерге арнайы дипломдар мен Кубкілерді Қазақстан Республикасының ІІМ орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов табыстады.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.