Қарағанды облысындағы инфляция туралы
Қарағанды облысындағы инфляция 2024 жылғы ақпанда жылдық есепте 11,5% (қаңтар айында – 11,3%) құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 7,4%, азық-түлік емес тауарларға – 10,1%, ақылы қызметтерге – 18% өсті.
Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасының өзгеруі
пайызбен, өсім
2024 жылғы ақпан Анықтама ретінде 2023 жылғы ақпан
2023 жылғы
ақпанға 2024 жылғы
қаңтарға 2022 жылғы
ақпанға 2023 жылғы
қаңтарға
Тауарлар мен қызметтер 11,5 1,9 21,3 1,7
Азық-түлік тауарлары 7,4 1,3 26,1 2,4
Азық-түлік емес тауарлар 10,1 0,8 19,8 1,0
Халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер 18,0 3,7 16,3 1,7
Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда азық – түлік өнімдерінің бағасының өсуі қызанаққа – 40,1%, майлылығы 5-9% сүзбе – 30,1%, қырыққабатқа-29%, жұмыртқаға-28,6%, күрішке-26%, балғын немесе салқындатылған балыққа-25,2%, тұздалмаған сары майға-24,5%, зәйтүнмайы – 21%, экстрадан басқа тұз – 20,2%, салқындататын сусындар – 17,2%, кеспе мен сәбіз – 15,4%, майлылығы 2,5% айран-14,1%, мұздатылған балық-13%. Бағаның төмендеу пиязға 55,7%, қарақұмық жармасына – 27,5%, күнбағыс майына – 24,3%, лимонға-20,1%, қантқа-17,6%, картопқа-17,1% байқалды.
Азық – түлік емес тауарлар бойынша бағаның ең көп өсуі тіс пастасына – 19,9%, ерлер мен әйелдер аяқ киімдеріне – тиісінше 19,6% және 17,3%, әйелдер мен ерлер киімдеріне — тиісінше 18,7% және 16,1%, өзге де заттарға, аспаптарға және жеке пайдалануға арналған тауарларға-17,2%, сүзгісі бар темекілерге-16,6%, сырт киімге – 16,5%, фотоаппаратқа – 16,5%, тас көмірге – 15,8% байқалды. Дизель отыны-15,2%, бензин-14,2%, жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек – жарақтар-9,4%, мотор майы 4,7% қымбаттады.
Ақылы қызметтер бойынша театр қызметтерінің бағасы – 35,7%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу – 34,6%, мейрамханадағы түскі ас – 29,4%, кинотеатр қызметтері-27,7%, әуе жолаушылар көлігі-26,3%, салттық қызметтер-25%, моншалар-19,9% , орта білім беру саласындағы қызметтер – 18,9%, санаторийлер қызметтері – 16,9%, денсаулық сақтау қызметтері-16,3%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері-16,1% өсті.
Су бұру тарифтері 101,1%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 33,2%, орталық жылыту – 32,3%, ыстық су-31,6%, электр энергиясы-31%, суық су-29,5% өсті. Тұрғын үйді нақты жалдау ақысы 23% қымбаттады.
_____________________________________________________________
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі, халықтың жеке тұтыну үшін сатып алынатын тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгерісін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 айқындама енген. Бағаны тіркеу әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет саласы кәсіпорындарының іріктеме желісінде қалалардың және аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде алдыңғы жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
stat.gov.kz/Қазақстан Республикасының өңірлерінің статистикасы/ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ/Электрондық кестелер/Баға статистикасы/Инфляция туралы
Орындаушы: Е.В. Акименко
Тел. +7 7212 41 4446
Басқарма басшысы: Е.В. Акименко
Тел. +7 7212 41 4446
Баспасөз қызметі: Н.К.Ажмуратова
Тел.+7 7212 256202
E-mail: statkrg@aspire.gov.kz Мекенжай: 100000, Қарағандық. Чкалов көшесі, 10
©Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы