Қарағанды облысындағы 847 шағын және орта бизнес субъектілері өз қызметкерлерін сақтандырған жоқ
Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесінде 227 мыңнан астам азамат «сақтандырылмаған» мәртебесіне ие. Бұл облыс халқының 16,5% құрайды. Сақтандырылмағандардың басым бөлігін 2020 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған кәсіпорындар мен ұйымдардың жалдамалы қызметкерлері құрайды. Бұл бизнестің 29 санаты — мейрамхана және қонақ үй бизнесі, сауда, көлік, техникалық қызмет көрсету субъектілері және т. б. Босатылған ШОБ қызметкерлері олар үшін жарналар мен аударымдар түспеген кезеңде сақтандырылған болып қалуы үшін — кәсіпкерлер өз қызметкерлерінің деректерін медициналық сақтандыру Қорының базасына msb.fms.kz (https://msb.fms.kz/login) сілтемесі бойынша енгізуге тиіс болған, осы уақытқа дейін 847 ШОБ субъектісі мұны жасаған жоқ. Қор базасында деректердің болмауына байланысты осы ұйымдардың қызметкерлерінде бүкіл жеңілдікті кезеңде медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешек қалыптасты.
«Егер осы 29 санаттағы ШОБ иелері және басшылары өз қызметкерлерінің деректерін Қор базасына енгізсе, онда жалдамалы қызметкерлердің 2020 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейінгі кезеңдегі берешегі жабылады», — деп толықтырды медициналық сақтандыру Қорының Қарағанды филиалы бөлімінің бас сарапшысы Жанар Ракишева.
Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезеңінде бизнесті қолдау аясында МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған ШОБ субъектілері 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төлемдерді төлеуді қайта бастады.