Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша ЭКҰ-ға 270 квота бөлінді
2025 жылы Қарағанды облысында 270 отбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша экстракорпоралды ұрықтандырудың (ЭКҰ) тегін қызметтерін пайдалана отырып, ата-ана болу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама бір жылдан астам уақыт бойы жүкті болғысы келетін, бірақ бала көтере алмай жүрген жұптарға арналған.
ЭКҰ-ға квота алу үшін:
— тіркелген жері бойынша емханаға барып, акушер-гинекологтың қабылдауына жазылу;
— гормондарға анализ тапсыру, жатыр түтікшелерінің өтімділігіне тексеруден өту және репродуктологтың қорытындысын алу;
— ерлерге спермограммадан өтіп, андрологтың қорытындысын алу қажет.
Құжаттардың толық топтамасымен облыстық клиникалық аурухананың Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығына квота беру жөніндегі комиссияға жүгіну қажет.
— Егер сіздердің емханаларыңызда зерттеу жүргізуге қажетті мамандар мен жабдықтар болмаса, МӘМС аясында барлық қажетті процедуралар жүргізілетін Отбасын жоспарлау орталығына жолдама ала аласыз, — дейді акушер-гинеколог және репродуктолог Татьяна Слободчикова.
Комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін жұптар ЭКҰ процедурасын жүргізу үшін Қазақстандағы кез келген клиниканы таңдай алады.
Отбасын жоспарлау орталығының мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10а.
Телефон арқылы қабылдау (8-7212) 42-55-54.
Call-орталық: (8-7212) 94-04-77, +7-778-003-71-47.
Қарағанды облысы әкімдігі сайтының ақпараты негізінде