Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 2792 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 361, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 156 265 жағдай тіркелді.
Ағымдағы жылдың 4 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 726 777 адам егілді, бұл жалпы халық санының 50,8%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,5% немесе 679 203 адам егілді, бұл жалпы халық санының 47,5%-ы.
2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 253 801 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 53,4%-ы.
2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 4 тамыздағы мәліметтер бойынша 24 663 адам егілді.
Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіз өмірі үшін жеке жауапкершілікті көрсете отырып, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеуге болатындығын еске салады.