Қарағанды облысы тұрғынүй құрылысы бойынша рекорд орнатты
Қарағанды облысы 30 жыл ішінде алғаш рет 662 мың шаршы метр тұрғынүйді пайдалануға берді. Қалада бой түзеген жаңа аудандар туралы «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы ЖАЙЛЫБАЕВ АБЗАЛ ӘЛІПҰЛЫ әңгімеледі.
– Өңірде құрылыс саласы қалай дамуда?
– Құрылыс – облыс экономикасының маңызды құрамдас бөлігі. Статистикалық деректер бойынша, 2021 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 381,2 миллиард теңге сомасына орындалды. Аталмыш жұмыстар көлік (автобан құрылысы), ірі өнеркәсіптік объектілер, атап айтқанда, Саран қаласындағы шина зауыты, «QazCarbon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылысы және «Нұрлы жер» тұрғынүй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен атқарылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша өңір республикада 4-орында, республикалық көлемнің 8,3%- ын құрайды.
– Ал салалық құрылыс туралы не айта аламыз?
– Салалық құрылыс та қарқынды дамуда. Мәселен, жол құрылысы 133,2 миллиард (35%), өнеркәсіп құрылысы 118,2 миллиард (31%), тұрғын ғимараттар мен ИКИ 82 миллиард (21%), өзге де құрылыс нысандары 46,7 миллиард теңге (13%) сомасына орындалды.
– Өңірде қанша мердігер компания бар?
– Құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың саны 852-ні құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға артық, оның ішінде 820-сы – жеке, 30-ы – шетелдік, 2-еуі – мемлекеттік меншік нысаны. Статистикалық деректерге сәйкес, біздің облыс бойынша құрылыс саласында 9 400 адам жұмыс істейді. 2020 жылғы мәлімет бойынша, облыс экономикасындағы құрылыс үлесі 6,4%-ды құрайды.
– Өткен жылы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүрді. Нақтырақ қалай қорытындылауға болады?
– 2021 жылдың қорытындысы бойынша, 508 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілді. Яғни, 2020 жылдың деңгейіне қарағанда 16,3%-ға артық. Коммерциялық тұрғынүйдің үлесі 53%-ды, ЖТҚ 30%- ды, мемлекеттік тұрғынүй 17%-ды құрады. 2021 жылы тұрғынүй құрылысына салынған инвестициялардың барлығы 63 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 43%-ға артық. 2020 жылы 44 миллиард теңге болған. 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 5 теңге жеке инвестиция тартылды, бұл жалпы республикалық көрсеткішке сәйкес келеді. Пандемия басталған жылы 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 3 теңге жеке инвестиция тартылған. Қазір тағы мың адам кезекте тұр. Биыл бұл кезекті 5,4%-ға қысқарту күтілуде. 2022 жылы 708 мың шаршы метр тұрғынүйді пайдалануға беру жоспарлануда, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық.
– Атқарылған жұмыстар қандай бағдарламалар аясында жүзеге асырылды?
– Облыстың барлық 18 өңірінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. Бағдарлама бірнеше бағытты қамтиды, олар: әлеуметтік тұрғыдан осал топтар және көпбалалы отбасы үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынүй салу, әлеуметтік тұрғыдан осал топтар және көпбалалы отбасы үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін дайын тұрғынүй сатып алу, кредиттік тұрғынүй салу, жеке тұрғынүй құрылысына жер учаскелері үшін инженерліккоммуникациялық инфрақұрылым салу.
Соңғы жылдары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру 2,5 есеге жуық өсті және шамамен 20 миллиард теңгені құрайды. 2019 жылдан бастап кезекте тұрғандар үшін мемлекет берген пәтерлер санының өсуі байқалды. Егер бұрын жылына орта есеппен 1 мың пәтер берілсе, енді кезекте тұрғандарға жыл сайын 2-2,5 мың пәтер беріледі.
Сондай-ақ соңғы жылдары жеке тұрғынүй құрылысы үшін жер учаскелеріне инженерлік желілер құрылысын қаржыландыру 3,5 есеге артты. 3 жыл ішінде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларында, Бұқар жырау ауданында шамамен 2,5 мың жер учаскесі инженерлік желілермен қамтамасыз етілді.
– Алдағы уақытта құрылыс саласында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
– Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғынүй саясатын реформалау бойынша заң жобасын әзірледі. Тұрғынүй саясаты құралдары мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, жеке инвестицияларды тарта отырып субсидиялау тетіктерін енгізу есебінен кеңейтілетін болады.
Заң жобасы 2022 жылы наурызда бекітілетін болады. Оған сәйкес, тұрғынүй заңнамасының талаптары бойынша тұрғынүй жағдайларын жақсартуға мұқтаж кезекте тұрған адамдарды қамтамасыз ету мақсатында жеке тұрғынүй қорында жалдау ақысын субсидиялау тетігі енгізіледі. Бұл – адамдарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен республикалық бюджеттің лимиттік қаражаты шегінде «Отбасы банк» АҚ арқылы жеке тұрғынүй қорынан сатып алу құқығынсыз тұрғынүй жалдау бойынша субсидияларға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кезекте тұрғандардан басқа, ауылдағы еңбекшілерді қолжетімді тұрғынүймен қамтамасыз ету мақсатында ауылды елді мекенде өз қызметкерлері үшін тұрғынүй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілді (2022 жылы наурызда бекітіледі).
– Соңғы жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі қаншалықты артты?
– Соңғы екі жылда облыс бойынша пайдалануға берілетін тұрғынүй көлемінің айтарлықтай ұлғайғаны байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, 530 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілді, яғни 1991 жылдың деңгейі асыра орындалды. Бұл деңгей өткен жылы да сақталып қалды. Ал биыл 662 мың шаршы метр тұрғынүйді енгізу жоспарлануда. Бұл 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 160%- ды немесе 241 мың артық шаршы метрді құрайды.
– Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына тоқталып өтсеңіз…
– 2021 жылы облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына және жобасметалық құжаттама әзірлеуге 12,7 миллиард теңге мөлшерінде қаражат көзделген, оның ішінде: білім беру объектілерін дамыту шеңберінде 4 миллиард 762 миллион теңге 10 объектінің құрылысына (2 балабақша, КТЛ 1 жапсаржай, 4 мектеп, 1 жатақхана, 2 спортзал) және 15 жоба сметалық құжаттама әзірлеуге; денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде 7 объектінің құрылысына 3 243 миллион теңге (2 жедел жәрдем қосалқы станциясы, 1 қабылдау-диагностикалық бөлімше, ПЭТ/КТ, 1 ФАП, онкология, балалар ауруханасы) және 33 жоба сметалық құжаттама әзірлеуге (оның ішінде 31 ФАП); ветеринарияны дамыту шеңберінде 7 объект (5 ветпункт, 2 мал қорымы) салуға 188 миллион теңге; мәдениет пен спортты дамыту шеңберінде 13 объектінің құрылысына (2 мәдениет, 11 спорт) және 1 жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге (күрес орталығы) 2 357 миллион теңге бөлінді. Атап айтқанда, ветеринария, мәдениет және спорт объектілері бойынша жоба әзірлеуді салалық басқармалар не қалалар мен аудандар әкімдіктері атынан құрылыс бөлімдері жүзеге асырады, кейіннен жобаларды одан әрі іске асыру үшін құрылыс басқармасына береді.
– 2021 жылғы жергілікті қамту үлесі қанша пайызды құрады?
– 2021 жылдың қорытындысы бойынша ұсынылған есептерге сәйкес, құрылыс материалдары бойынша жергілікті қамту үлесі 91%-ды құрайды (нысандар саны 64). Жыл басынан бері сатылып алынған құрылыс материалдарының фактісі 3,3 миллиард теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық құрылыс материалдарының көлемі 3,01 миллиард теңге.
– Өткен жылы бірқатар құрылыс материалдарының бағасы қымбаттады. Бұл салада тағы қандай өзекті мәселелер бар?
– Әрине, өзіңіз айтқандай, жобалардың қымбаттауы, алдыңғы жылдары әзірленген сметаларда базалық құрылыс материалдары құнының ұлғаюы – бізде басты мәселе. Сондай-ақ құрылыс қарқынының өсуіне байланысты Қарағанды облысының аумағында құрылыс материалдарының сұранысқа ие түрлерін өндіру қажеттілігі туындайды. Жеке тұрғынүй құрылысына тұрғынүй құрылысы аудандарын ұлғайту, тиісті жоба-сметалық құжаттама әзірлеу де бар. Оған қоса коммерциялық тұрғын үйді дамыту үшін инженерлік қуаттардың тапшылығы да – өткір мәселе.
– Сұхбатыңызға көп рақмет!
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА