Қарағанды қаласының әкімдігінде Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 22 шілдесі күні Қарағанды қаласының әкімдігінде Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің отырысына қаланың мемлекеттік мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері Қарағанды қаласының әкімдігі ұсынған 2022 жылға арналған қала бюджетін нақтылау параметрлерін талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері қала әкімдігіне бюджетті сапалы жоспарлауды қамтамасыз ету, бақылауды және оның орындалуына жауапкершілікті күшейту бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шаралар қабылдауды ұсынды.