Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының ардагерлер ұжымы арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе туралы қажетті ақпарат алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.
А.ж. 30 қарашасында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының ардагерлер ұжымы арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе туралы қажетті ақпарат алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру тобы екпенің маңыздылығын атап өтті, өйткені олар тез иммундық реакцияны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек екпенің пандемияның дамуын тоқтатуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру тобы екпе бойынша ұсыныстар беріп, кездесуге қатысушыларды өздерін және бір-бірін қорғауға, медициналық мәселелерде білім деңгейін арттыруға, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін аурудың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырды. Кездесуге барлығы 55 адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!