Қарағанды қаласында кезекті «Ауыл-Береке» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
2021 жылғы 23 қазанда Қарағанды қаласында «Глобал Сити» КТО аумағында 8 ауылдық ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің, сондай – ақ облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен кезекті «Ауыл-Береке» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 574,6 тонна өнім, оның ішінде 67,7 тонна ет, 350 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 4,5 тонна шұжық өнімдері, 7,4 тонна балық және 17 тонна өзге де өнімдер сатылды.
Жәрмеңкеде тұрғындар өнімді нарықтан 10-15% төмен бағамен сатып ала алды.
Мысалы, ет түріне қарай 1800 теңгеден (қой еті) 2400 теңгеге дейін (жылқы еті), (сиыр еті – 2000 тг) картоп, қырыққабат, сәбіз және қызылша – 110 тг, пияз – 70 тг. Он жұмыртқа 220 теңгеден 320 теңгеге дейін.
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Қарағандыда облыстың қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен тағы бір жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңкеге қаланың тауар өндірушілері «Нәтиже» Сүт Фабрикасы (сүт өнімдері), «Тұлпар» фирмасы ЖШС, «Мецгер» шұжық цехы (шұжық өнімдері), Грин Экспорт(макарон өнімдері) ЖШС, Габриэль ЖК (балық) және т.б. қатысады.