Алып сәбилер

Соңғы кездері нәрестелердің артық салмақпен туылу көрсеткіші дәрігерлерді алаңдатып отырған тақырыптың бірі. Қарағандыдағы № 2 перинаталдық орталықта екі тәулікте салмағы бес келіден асатын үш сәби дүниеге келді. Олардың салмағы 5420, 5220 және 5070 граммды құрайды.

— Биылғы жыл бойы 1 қаңтардан 1 тамызға дейін 59 нәресте 4 және 5 келі арасында дүниеге келді. Оның ішінде 10 бала 5 келіден жоғары болып туылды. Ондай балалар плод гигант болып саналады, -дейді Облыстық клиникалық аурухананың №2 перениталдық орталығының меңгерушісі Жарқын Нұркеева.

Дәрігерлер артық салмақты балалардың туу статистикасына алаңдаулы. Себебі, бұл бірінші кезекте ана мен нәресте үшін қосымша қауіп болып табылады. Өйткені, үлкен салмақты нәрестенің туылуы босану процесін қиындатады.

— Ондай әйелдерді біз жоспарлы түрде стационарға жатқызамыз, УЗИ зерттеу өткіземіз. 4-5 келі аралығында болса ана өзі босана алады. Егер 5 келіден асатын болса консилиуммен шешім қабылдаймыз. Травматизмді төмендету үшін жоспарлы кесір тілігін жасау керек. Босанғаннан кейін аналар да, балалар да жақсылап бақыланады, -деп түсіндірді маман.

Сондай-ақ, нәрестенің үлкен салмағы ана метаболизімін бұзады. Құрсақтағы баланың салмағы үлкен болуы — ананың дұрыс тамақтанбауы, жаман әдеттер және жиі стресстерден болуы мүмкін.

— Неге ондай жағдайлар болады? Рационда тәттілер, ұн араласқан тамақтар болуы, көп серуендеу керек, қант диабеті мен семіздікті уақытылы тауып емдеу керек, – дейді Жарқын Нұркеева.

Қазіргі таңда соңғы туылған үш нәресте мен аналарының денсаулығы бір қалыпты. Барлығы да аман-есен үйлеріне жіберілді.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»