Алтын қолды шебер

Жақсартылған техника. Біраз жыл бұрын аулалардың бірінде бөтелке қақпақтарын мозаика жасау үшін материал ретінде пайдаланған Қарағанды тұрғыны осы уақыт ішінде негізгі қызметін тастап қана қоймай, әуесқойлығын жетілдіре түсті. «Шебердің қолы алтын» демекші, ісмердің атқарған жұмыстары шынымен жұрт қызығарлықтай.

Қарағандылық Павел есімді азаматтың туындылары көздің жауын алады. Ол осыдан 5 жыл бұрын бөтелке тығындарымен қоймасының беткі құрылымын өнер туындысына айналдырған болатын. Осыдан кейін жұмыстарының саны артқан. Павел хоббиін тастап кетпей, оны әр уақытта жетілдіріп отырды, енді келесі туындысына бел шеше кірісті.

– Мен ғаламтордан ролик көріп қалдым, соны қайталап істегім келді. Қолымнан келді, көршілерімізге де ұнайды. Үй ауласындағы кез келген орынды осылай әрлей беруге болады. Қажетті материалды өзім тауып алатынмын, көше аралайтынмын. Қазір тұрғындар өздері жинап әкеп береді. Екі шелек бөтелке қақпағы болса, түсіне қарай, сапасына қарай іріктеп аламын, сосын жұмысыма кірісемін, – дейді қала тұрғыны Павел Король.

– Павел өз ісіне ұқыпты қарайды. Шын мәнінде, бұл – тек шығармашылық сипатқа тән дүние, сонымен қатар қолдары ісмер шебер, – дейді таныстары.

Бала кезінде шебердің өз қызығушылығы болған. Ол әр түрлі әдісті, мәселен, макрамеден жиһаз тоқуға дейін игерді. Содан бері ол тағы да көп нәрсені игеріп келеді, қазіргі кезде мозаикаға ден қойып жүр. Шынында да, аулаларда шашылып жатқан бөтелке қақпақтары кездеспейді. Павел оларды түсіне қарай орналастырады, цемент араластырады және күрделі өрнек салудың қиын жұмысын бастайды. Енді ол жоғары сапалы қақпақтардың барын және маусымда бөлініп қалатындарын да біледі. Бекіткіш материалдың беріктігі үшін белгілі бір қоспа қосып араластыру керек. Айталық, керамика немесе шыны қоссаңыз, композиция жарқырай түседі. Кіреберісте көзімізге түскені – ерекше назар аударуға тұрарлық дүние. Павел коронавирус кезінде жаңа әдіс ойлап тапқан. Сол арқылы мұнда сұлулық пайда болды.

– Міне, мен осы дүниелерді жиі жасағандықтан кәсіби деңгейге жеттім. Бұл – менің соңғы жасаған дүнием, бұл жұмысқа екі ай уақытымды арнадым. Керамикада римдік мозаика стилін қолдандым, – деп атап өтті Павел Король.

Павел балық шаруашылығына қатысты мамандықта білім алған. Оқыған мамандығымен жұмыс істемесе де, көптеген жұмысында теңіз тақырыбы айқын көрініс береді. Қарағандылық шебер бұл іспен тоқтап қалмақ емес, оның қоғамдық орындарды эстетикалық жағынан тартымды етуге арналған көптеген жоба-жоспары бар.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»