Алдағы үш жылдың бюджеті бекіді

Газетіміздің кезекті сұхбаты бюджеттің ашықтығы мәселесіне арналады. Бұл сұрақтарға «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Апақашева Айнұр Қабдырашқызы жауап берді.

 

– Менің білуімше, бүгінгі таңда қалалық мәслихат алдағы үш жылға бюджет қабылдады. Алдағы міндеттерді қалай сипаттай аласыз?

– Иә, желтоқсанның 22 жұлдызында сессияда Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары үш жылдық кезеңге (2022- 2024) арналған бюджетті бекітті. Бұл жерде, ең алдымен, Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында көрсетілген барлық әлеуметтік бастама ескерілді, сондай-ақ жайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған жобалар іске асырылды.

2022 жылға кірістер бойынша бюджет 65,8 млрд теңге сомасында бекітілді, бұл ағымдағы жылдың нақтыланған жоспары деңгейінен (58,1 млрд теңге) 13,3% жоғары.

Мұнда 90% немесе 59 млрд теңгені салық түсімдері құрайды.

Трансферттер мен кредиттер есебімен 2022 жылға арналған қала бюджетінің жалпы көлемі 88,7 млрд теңгені құрайды, оның ішінде әлеуметтік сала шығыстары ағымдағы жылдың деңгейіне қарағанда 16% артып, 10,8 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, бюджетте қаланың екі ауданына 20-дан астам ауланы абаттандыруға, 50-ге жуық балалар ойын алаңдары мен 10 футбол алаңын жаңа формат бойынша орнатуға 2 млрд теңге сомасында қаржыландыру ескерілген.

Автожолдарды 3 млрд теңгеге жөндеу науқаны жалғастырылады.

Сондай-ақ, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бюджетте көрініс тапты.

– Әлеуметтік салада қандай шаралар бюджетте жоспарланған?

– 2022-2024 жылдарға арналған бюджет параметрлерінде әлеуметтік сала шығындары 8 млрд 102 млн теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 32,1% құрайды. Жергілікті атқарушы органның жыл сайынғы әлеуметтік міндеттемелер бойынша іс-шаралары жоспарланған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйге көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек, үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шығыстары сақталған.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығы ашылып, қызметін атқаратын болады.

Бұдан тыс мәдениеттік және спорттық іс-шаралар жалғастырылатын болады.

Қарағанды қаласы әкімінің кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға грант бөлу ісшарасына 16,9 млн теңге сомасында бюджеттік қаражат көзделгенін атап өту қажет.

– Келесі жылға жоғары тұрған бюджеттерден қандай көлемде трансферттер мен кредиттер көзделуде?

– 2022 жылға жоғары тұрған бюджеттерден 22,6 млрд теңге көлемінде трансферттер мен кредиттер көзделіп отыр:

Республикалық бюджеттен – 17,4 млрд теңге, оның ішінде:

– ағымдағы нысаналы трансферттер – 2,6 млрд теңге;

– нысаналы даму трансферттері – 10,7 млрд теңге;

– кредиттер – 4 млрд теңге.

Облыстық бюджеттен – 5,3 млрд теңге, оның ішінде:

– ағымдағы нысаналы трансферттер – 2,8 млрд теңге;

– нысаналы даму трансферттері – 1,9 млрд теңге;

– кредиттер – 0,5 млрд теңге.

– Жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер мен кредиттер есебінен қандай ірі жобаларды іске асыру көзделген?

– Негізгі сомалар, бұл – газ тарату желілерін салу бойынша келесі кезеңге жалғасатын жоба, Шахтер кентін (Кемеров көшесі) жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау құрылысы, 30-шағынауданның білім беру объектілерін қосу үшін жылу желілерін қайта жаңарту, Сұрыптау кентінде су құбырының құрылысын аяқтау, сондай-ақ 14-шағынауданда үш тұрғын үй салу.

Сонымен қатар, К.Маркс көшесі мен Магнитогорск көшесі бойындағы, 7-магистраль бойындағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға, 29 автожолды орташа жөндеуге трансферттер көзделеді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен 2 жоба көзделген: Ермеков көшесіндегі жылу магистралін Бобруйск көшесіндегі үйлерді қоса отырып қайта жаңарту және «2-аймақ» сорғы станциясынан Жаңа қала желілеріне дейін №21 су тартқышты қайта жаңарту.

Сұхбаттасқан: Аружан АЛПЫСБАЙ