Алдағы үш жылдың қаржы бағыты айқындалуда

Қарағанды қаласында алдағы үш жылға арналған қаржы саясатын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта қалалық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы қаралды. Кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және бюджет қаражатын тиімді бөлу мәселелері сөз болды.

Отырыс экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Денис Дедовтың басқаруымен өтті. Күн тәртібінде қаланың бірқатар басқармалары бойынша бюджет бағдарламаларын қарау жоспарланған болатын. Мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасы, Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы басқармасы, сондай-ақ Қарағанды қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы.

– Әкімшілік қызметкерлерден басқармалар жүзеге асырып жатқан бағдарламаларды, сондай-ақ қолдау тапқан және қолдау көрсетілмеген бюджет қаржыландыруларын айтып беруін сұраймын. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан берілген ұсынымдар мен олардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді өтінемін, – деді экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Денис Дедов.

Отырыс барысында қатысушылар жауапты спикерлердің баяндамаларын тыңдады. Мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасының басшысы Бауыржан Калиакпаров ағымдағы бағдарламаларды жүзеге асыру және алдағы үш жылға арналған жоспарлар туралы есеп берді. Сонымен қатар Тұрғын үй инспекциясы басқармасы секторының уақытша міндетін атқарушы Абылай Есен өз ақпаратын ұсынды.

– Бізде екі бағдарлама іске қосылған. Бірінші – 001 бағдарлама. Бұл жергілікті деңгейде мемлекеттік активтерді басқару және сатып алулар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қызметтері. 2026 жылға бөлінген лимит – 82 миллион 746 мың теңге, –дейді Мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасының басшысы Бауыржан Қалиақпаров.

– 2026 жылға арналған мемлекеттік саясатты іске асыру қызметтері – 44 миллион 448 мың теңге. Біріншіден, бұл жалақыға бағытталған шығыстар, – деп атап өтті Тұрғын үй инспекциясы басқармасы секторының уақытша міндетін атқарушы Абылай Есен.

Спикерлердің баяндамасынан кейін депутаттар шығыстардың бөлінуі, бағдарламалардың тиімділігі және қаржыландырудың басым бағыттары бойынша нақты сұрақтар қойды. Пікірталас конструктивті форматта өтті, қаржы бөлудің ашықтығы мен бюджет шығыстарын тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударылды.

– Келіссөздер қорытындысы бойынша, жоспарлау органымен және бюджет бағдарламалары әкімшілері арасында қарама-қайшылықтар анықталған жоқ. Барлық депутаттық ұсыныстар мен ескертулер құжатты сессияға шығар алдында ескерілетін болады. Келесі жылға шығыстар – 52 миллион 328 мың теңге деп жоспарланған, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 12%-ға төмен. Биыл кейбір біржолғы шығыстар болды, олар құжаттарды бағалау мен рәсімдеуге байланысты, – деді Қарағанды қаласының экономика және қаржы басқармасының басшысы Айнұр Апакашева.

Қала бюджетінің 2026-2028 жылдарға арналған жобасын әзірлеу жұмысы жалғасуда. Құжаттың соңғы нұсқасын депутаттар қала маслихатының келесі сессиясында қарастырады.

Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,

«QH»