Алаяқтар айласы

 

Аляқтардан айла артылар емес. Кибер алаяқтарға алданбау амалын полиция айтып бағуда. Соған қарамастан қарағандылықтарға миллиондаған несиелер ілінуде. Алданған адамдар қайтсе болады, мемлекет өз азаматтарын қашан қорғайды?

Александр интернеттегі алаяқтық туралы естіген, бірақ ол өзінің кірісі арқылы қылмыскерлерді қызықтырам деп ешқашан ойлаған жоқ. Оған бейтаныс жігіт телефон арқылы алдап, жерлесіміз гипнозға түскендей күй кешкендігін айтады, ол өзін нәтижесінде қалай 5 миллион 200 мың теңге несие рәсімдеп, алданып қаларын білмеген.

— Менде де 50% алимент бар, мәселе бір адамға мұндай соманы қалай несие ретінде беріп алды, өйткені қарыз жүктемесі шамамен 5% болды және несие бөлімдерінде үлкен кемшіліктер орын алған, -дейді қала тұрғыны Алекандр Гуща.

Мария Рамазанова осы жылдың сәуір айында, бірден екі банктен несие рәсімдеген.

— Менің активім бітіп жатқандығын айтып хабарласты. Код сұрады. Мен ойланбастан айта салдым. Ертеңінде банк қызметінің қауіпсіздігі деп тағы хабарласты, несие рәсімдеді деп ескертті. Мен өмірімде несие алып көрмеген адаммын. Осылайша менен 4 миллион теңгеден астам депозиттегі ақшамды шешіп алыпты, –дейді тағы бір тұрғын Мария Рамазанова.

Нәтижесінде несие сомасы соншалықты, оны айтуға да батпады, тіпті депозиттен ақша ұрланды, келіншектін есін жиғызуға тура келді, ал полиция тіпті мәлімдеме алғысы да келмеген.

— Маған бірінші күні бұл қылмыскерлерді таба алмайтындарын айтып, шағымды қабылдамады. Ертеңінде қабылдады. Менен код сұрады, жұмыстан шаршап шығып айтып қойдым, кез-келген адамның басына келуі мүмкін, -дейді Мария Рамазанова.

Әрбір алданған адамның өз тарихы бар, бірақ соңында олардың бәрі көшірме ретінде жазылатын секілді. Юлия Пундеваның өзі құрбан болды және өзі сияқты адамдарды топқа біріктіруді шешім қабылдады. Бүгінгі таңда қысқа мерзім ішінде Қазақстанның қалаларынан 200 адам жиналды, берілген несиенің жалпы сомасы миллиардтан астам. Ең үлкен қарыз сомасы бір адамға 38 миллион теңге.

— Мемлекеттік органдар мүлде үндемей отыр, банктерде үндемейді – сіз өзіңіз идентификациядан өттіңіз, ал адамдарда 150 мың бар, соған 7 миллион салыпты, тіркеп, несие рәсімдеген біз емеспіз дейді. Бірақ мұндай қызметті робот жасайды екен, олар қазір осылай айтып жатыр, –дейді Юлия Пундева.

Қарағанды облысында күн сайын 5-6 адам интернеттегі алаяқтық туралы полицияға арызданады. Биыл 1109 адам шабуылшылардың құрбаны болды. Осыған ұқсас 235 іс бойынша үкім шығарылған. Жақында тағы 80-і сотқа жіберіледі. Бірақ көбіне делдалдар ұсталып, жауапқа тартылып, халыққа ақшаны қайтара алмайды. Алданған халық таяуда депутаттармен кездесіп, оған несиенің жеңілдігі себеп болғанын айтты.

— Банктердің несие беруде айтарлықтай кең өкілеттіктері мен мүмкіндіктері бар, бұл алаяқтар үшін үлкен қызмет саласы. Президент жуырдағы жолдауында банктер туралы заңның ескіргенін және қайта қаралатынын айтты. Біз депутаттық корпус тарапынан мәселені қайта-қайта талқыладық және біз де бұл жағдайда бірігіп, мемлекетпен мәселені талқылау туралы бірқатар ұсыныстар бар. Бұл банк үшін тиімді, бірақ біз түсінгеніміз, банк отпен ойнап жатыр, -дейді Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Александр Бочаров.

Онлайн несие мәселесінің ушығып кеткені сонша, ол экономикаға ғана емес, елдегі әлеуметтік тұрақтылыққа да әсер етіп отыр. Австралия, Ресей, АҚШ және Канада сияқты елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, несиелік өтінімдерді міндетті биометриялық сәйкестендіру мен екі сатылы верификацияны енгізу қажет. Айтпақшы, 1 қарашадан бастап көрші Өзбекстан өз азаматтары мен олардың қаржысын қорғау мақсатында осындай бірқатар қызмет түрлерін енгізбекші.

Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ,                                  

«QH»