Алғашқы медициналық мекеме

Жаңа оңалту орталығында жыл сайын 600 бала ем қабылдай алады. Бұл нейро-ортопедиялық ақауы бар адамдарға арналған аймақтағы алғашқы медициналық мекеме. Әрбір науқас үшін жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді. Облыс әкімі осы бағыттағы жұмыс барысымен танысты.

Нейроортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме Қарағандыдағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында ашылды. Облыстық оңалту орталығы жылына 600-ге жуық балаға қызмет көрсетуге жабдықталып отыр. Орталықта невропатологтар, реабилитологтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар, Емдік дене шынықтыру нұсқаушылары және еңбек терапевттері қызметін ұсынуда. орталықтың ашылуына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков қатысып, «емдеу мекемесінің бүгінгі қызметі – ортақ нәтиже жетістігіміз» деді.

– Қазіргі таңда, Қарағанды облысы бойынша «Қазақстан халқына» қамқорлық қорымен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдармен және жауапты мемлекеттік органдармен бірге өте ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінгі жоба жұмыспен аяқталған және іске қосуға дайын жоба. Бұл ауқымды жұмыстардың нақты дәлелі болып саналады, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков.

Ерекше қажеттілікті талап ететін балалар үшін сапалы әрі қолжетімді оңалту орталығын ашу бүгінгі күн сұранысы болып отыр. Өкініштісі, қосымша ем-домды қажет етер сәбилер аз емес. Орталық ашылуына «Қазақстан халқына» қорының серіктестері – меценаттар да үлес қосқан. Оңалту орталығында әр балаға қалпына келтіруге және әлеуметтенуге мүмкіндігінше тиімді көмектесу үшін жеке бағдарлама құрылады. Жас пациенттер қалпына келтіру емін МӘМС жүйесі есебінен тегін өтеді. Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасында осыдан бір жыл бұрын 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте араласу орталығы іскерлігін бастаған, ал осы жолы ашылған орталық 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеткіншектерге кешенді оңалту қызметін тегін көрсетеді.

– Бізде бұл орталықта барлық дәрігер, мамандар да толықтай қызмет көрсетуге даярланған. Олар біздің аурухана базасында сол сынды Астана, Қостанай қалаларындағы емдеу мекемелері базасында кәсіби біліктіліктерін артырған. Оңалту қызметінің сапалы ұсынылуы үшін барлық жағдай бар, мамандар жеткілікті, – деп қосты Облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Нина Деркач.

Оңалту орталығында ем домға қажетті жабдықтар түгел қолданыста дейді. Баланың жасына және бойына байланысты әртүрлі құрылғы жабдық, дамыту құралдары заманауи үлгіде екені айтылды. Орталық қызметіне жүгінген ата-аналар да емдік курстың нәтижелі болғанын айтуда. Мәселен, Альфия есімді бүлдіршіннің анасы сәбиін орталыққа 7 айлығында сәуір айында әкелген, ол кезде бала басын ұстай алмады, отырмады, еңбектемеді дейді. Емдік дене шынықтыру, тұзды шахта, ипотерапия, массаждың түр-түрі сайып келгенде дамуы қалыс балаларға уақытылы қолдау көрсете алатын осындай орталықтар көптеп ашылса дейді, ата-ана. Және қуантарлығы Нейроортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын осындай орталықтар басқа өңірлерде де ашылғалы отыр.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ,                                     

«QH»