АЭС тоқ тапшылығын жоюға көмектеседі
Қазақстанда жылу электр станцияларының, жылу электр орталықтарының барлығы шамамен 70 пайызға дейін тозығы жеткен. Оларды жаңарту үшін де қыруар қаражат кететінін ескерген жөн, дейді Қарағанды Техникалық Университетінің энергетикалық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Бекболат Мағауин.
Энергетика саласының мамандары біздің елімізде тоқ тапшылығы бар және энергияға деген тәуелділік жылдан жыл жоғарылап жатыр. Мәселен, еліміздің Оңтүстік аймақтары тоқ қуатын сырттан алуда, дейді. Энергияны сырттан импорттау шығынды, сол себептен де өзімізде тоқ қуатын өндірудің заманауи түрін қолдану маңызды. Атом электр станциясын салу осы қажетіліктен туындап отырғанын Мемлекет басшысы да атап өтті. Биылғы жолдауда АЭС салуға қатысты нақты шешім қабылдау маңыздылығын айтып, 6 қазан күні жалпыхалықтық пікір білдіру референдум күні деп бекітілді. Бүгінде қоғамда энергия тапшылығын ескеріп, тоқ өндіру мәселесіне қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Тоқты жел арқылы күн көзі немесе басқа да энергияның баламалы көздері арқылы өндіру мәселесі де пысықталуда. Бұған қатысты ЖОО энергиткалық жүйелер кафедрасының оқытушысы былай деді.
– Баламалы энергия көздерінің саны бізде 148 нысанды құрайтын болса, сол 148 нысанның өзі жылына 30 ғана пайызды береді, бұл дегеніміз өте аз, шын мәнінде баламалы көздеріне көп қаражатты жұмсаймыз. Сондықтан АЭС-ке тоқталып жатқан жағдай бар. Неге десеңіз, бір АЭС бізде жалпы Қазақстанды қамтамасыз ететін мүмкіндігі болып тұр, –деді ҚарТУ энергетикалық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Бекболат Мағауин.
Оның сөзінше Қазақстанда жылу электр станцияларының, электр орталықтарының барлығы шамамен 70 пайызға дейін тозығы жеткен. Оларды жаңарту үшін де қыруар қаражат кететінін ескерген жөн. Дегенмен, АЭС салу мәселесі айтылған бұл күнде біздің еліміз баламалы энергия көздерінен бас тартпайтынын да айта кеткен жөн.
– Әрине Қазақстан күн энергиясын, су энергиясын, жел энергиясын тағы басқа да дәстүрлі энергияларды қатар дамыта береді. Сондықтан бізде бір АЭС салу қажет деп өз басым ойлаймын, себебі, әлем бойынша энергия тапшылығы орын алуда, – дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ҚОФ директоры Серікжан Байбосынов.
АЭС тұрғызудағы тағы бір мәселе Қазақстан әлемде уран өндірісі бойынша жетекші орында. АЭС-тің уранның беретін энергиясы басқа энергия көздеріне қарағанда жоғары және көмір мазут жағудан ауаға тарайтын зиянды қалдықтармен салыстырғанда АЭС-ті қолданғанда ауаға таралатын зиянды қалдықтар көлемі аз. Бұл мамандар пікірі және әзірге АЭС салу мәселесі қоғам талқысында.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»