Адам папилома вирусына қарсы екпенің жүргізілуі туралы

Бүкіл әлемде АПВ – ең көп таралған инфекция. Әр адамның АПВ жұқтыру ықтималдығы 80%-ды құрайды, яғни 10 адамның шамамен 8-і өмірінің белгілі бір кезеңінде вирустың бір немесе бірнеше түрін жұқтырады. АПВ инфекциясының ең жоғары таралу деңгейі 25-35 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерде байқалады.

АПВ  (адам папилломавирусы) – бұл әртүрлі мүшенің терісі мен шырышты қабығын зақымдайтын вирус. Кейбір жағдайда инфекция папилломалардың пайда болуына әкеледі (сүйел өсінділері).

АПВ-ның 16 түрі жоғары онкогендік қауіп түрлері ретінде белгілі, шырышты қабық арқылы таралады және жатыр мойны обыры мен басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін.

Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен беріледі:

– тұрмыстық байланыс – қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек;

– жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады;

– вертикальді жолмен – вирус босанған кезде анадан балаға беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.

Жатыр мойны обырын емдеу қиын және емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

АПВ-ге қарсы профилактикалық вакцинация жатыр мойны обырының дамуын болдырмайды.

АПВ вакциналары 2006 жылдан бері қолжетімді. Вакцина пайда болғаннан бері бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адам егілді, бұл үшін 270 миллионнан астам вакцина дозасы қолданылды.

АПВ вакцинациясы әлемнің 135 елінде қыздарға жоспарлы вакцинация жүргізіледі, ал кейбір мемлекетте ұлдарға арналған жоспарлы вакцинация күнтізбесі аясында жүзеге асырылады. ДДҰ еуропалық аймағының қырық бес елі АПВ вакцинасын енгізді және жыл сайын мұндай елдер көбейіп келеді.

Таяу шетелдерден АПВ вакцинациялау бағдарламасы 2019 жылдан бастап Арменияда, Грузияда, Молдовада, Түркіменстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда енгізілді.

Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстанда 2024 жылдың күзінен бастап 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцинация жүргізу жоспарлануда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялауды ұсынады.

Вакцинация егу аралығы 6 ай болатын 2 дозадан тұрады және тегін ата-аналардың немесе қамқоршылардың келісімімен дәрігердің қарауынан кейін қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген 6,11,16 және 18 типті АПВ-дан қорғауды қамтитын АҚШ өндірісінің «Гардасил» төрт валентті вакцинасы қолданылатын болады. АПВ вакциналарында тірі вирустар немесе вирустың ДНҚ-сы жоқ. АПВ вакциналарында әдетте вакциналар мен басқа препаратта кездесетін вирус тәрізді бөлшектер бар, 0,5 мл мөлшеріндегі әрбір вакцина дозасы жеке шприцте болады, иықтың дельтоидті бұлшықет ішіне енгізіледі.

Бүгінгі таңда жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдісі – АПВ-ға қарсы вакцинация, сондықтан ата-аналарға дұрыс шешім қабылдауға кеңес береміз, қыздарымызды жатыр мойны обыры сияқты ауыр аурудан қорғауға мүмкіндік беретін профилактикалық егулерді жүргізу қажет.

Н.М.АЙМАҒАНБЕТОВ

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы

ауданының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау  басқармасының  басшысы