Адам мен жануарлардың паразиттік ауруы
Эхинококкоз – адам мен жануарлардың паразиттік ауруы, ауыр созылмалы түрімен сипатталады. Эхинококкоз көбінесе мүгедектікке соқтырады және науқастың өлімімен аяқталуы мүмкін.
Аурудың себебі – эхинококк, альвеококк таспа тұқымдас паразиттік құрттары.
Эхинококк иттердің ішектерінде паразиттік өмір кешеді, кейде қасқырларда кездеседі. Эхинококктың жұмыртқалары немесе құрттары осы жануарлардың нәжісімен шығып, оның жүндерін ластайды, сонымен қоса ауырған иттің сумен, топырақпен, шөппен, үй-жайларда байланыс болған жағдайларда жұқтырылады.
Эхинококк жұмыртқалары сыртқы ортада жақсы сақталады. Су және жем-шөппен бірге ауылшаруашылық жануарларының ішектері арқылы олардың бауыр мен өкпелеріне енеді. Мұнда құрттар эхинококкты көпіршікке айналады, оның мөлшері 10-20 см дейін жетуі мүмкін. Бір жануарда бауырдың және өкпенің эхинококкты көпіршікпен бірнеше жерден зақымдануы байқалады.
Көпіршіктің іші түссіз сұйықтықпен толтырылған және құрамында эхинококкты «құм» — ең кішкентай эмбриондардың массасы — сколекс бар. Иттерді зардап шеккен мал мүшелерімен тамақтандыру кезінде де жұқтырылады.
Адам эхинококк жұмыртқаларымен ластанған сумен, тамақпен немесе кір қолдарын аузына салғаннан кейін жұқтырады. Эхинококк жұмыртқалары малдың жүндері арқылы түсуі мүмкін (егер ит ластаған жерге қойлар, сиырлар жатса), одан әрі — малды күту, қырқу, сауу және т. б. кезінде адамның қолына жұғады.
Эхинококкалы паразит адамның кез-келген органына әсер етеді, бірақ көбінесе бауыр мен өкпе зардап шегеді, эхинококкоз ауруы дамиды.
Эхинококкозбен ауыратын науқаста зардап шеккен органы біртіндеп үлкейеді. Паразиттер бауырға шоғырланған кезеңде оң жақ қабырғаның астында ауырлық, ауырсыну байқалады, егер өкпеге әсер етсе, науқас кеудедегі ауырсыну, жөтел, ентігу, кейде қан қақырық түсіреді. Эхинококкты көпіршік бронхқа, іш қуысына, плевра қуысына еніп немесе іріңдеуі мүмкін. Бұл асқынулар өте қауіпті және өлімге әкелуі мүмкін.
Эхинококкозды хирургиялық әдіс арқылы емдейді. Көпіршікті қабықпен бірге тұтастай алып тастау жүзеге асырылады, әсіресе жаралар мен қуыстардың екінші рет тұқымдалуына жол берілмеу керек. Эхинококкозға қатысты іс-шаралар халық арасында да, жануарлар арасында да жүргізіледі. Негізгі медициналық ісшаралар: рентгенологиялық және серологиялық зерттеулерді қолдана отырып, науқастарды жаппай тексеру арқылы анықтауды ұйымдастыру, эхинококкозға күдікті адамдарды диспансерлеу.
МАҢЫЗДЫСЫ: ауыл шаруашылығы жануарларын аулаларда союға және зақымдалған мал ағзаларын иттерге азықтандыруға жол бермеу. Қаңғыбас иттерді жою және қызметтік иттерді емдеу ұсынылады.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ.