Абай ауданының тұрғындары «Мөлдір бұлақ» акциясын қолдады
Абай ауданының тұрғындары «Мөлдір бұлақ» апталығы кезінде бұлақтардың басында сенбілік өткізді. Санитарлық тазалауға 100-ден астам адам қатысты.
Акцияға қатысушылар бұлақ көздерінің бойынан қоқыс жинады.
– Бұл бұлақтан тек аудан тұрғындары ғана емес, сонымен қатар тас жолмен жүріп өтетіндеп де таза және өте дәмді су алады. Сондықтан біз әр көктем сайын оны тазалауды өз міндетіміз деп санаймыз, өйткені бұл біздің аудан, біздің жауапкершілігіміз. Ал жастар экологиялық мәдениетке қосылылғаны қцантады, – деді еріктілер корпусының басшысы, «Жастар Альянсы» ҚБ төрағасы Темірлан Кәкенов.
Сондай-ақ, бұл күні Абай ауданының тұрғындары Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауын жинады.
– Өткен жылы коммуналдық жағажайдың аумағы абаттандырылды, ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер бар, бірақ, өкінішке орай, адамдар қоқыс қалдыруды жалғастыруда, – дейді акцияға қатысушылар. – Жақында шомылу маусымы басталады, сондықтан біз тұрғындарды қоқыстарды тазалауға шақырғымыз келеді. Егер әркім өзінен бастаса, біздің табиғатымыз таза болары анық.
Бұл күні жағажай аумағынан 10 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Санитарлық тазарту «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізілді.
Акция басталғалы ауданда 4 718,5 тонна қоқыс шығарылды.