А. ж. 9 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен онлайн кездесу өтті
А. ж. 9 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын, сонымен қатар екпенің түрлерін түсіндіру бойынша онлайн кездесу өткізді
Студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға белсенді қатысты. Олар Жолдауды түсіндіруге белсене қатысу, бағдарламалық құжатта қойылған міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосу қажеттігін атап өтті.
Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері екпнің маңыздылығын атап өтті, өйткені олар тез иммундық жауап қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек екпенің пандемияның дамуын тоқтатуға мүмкіндік беретіні айтып өтілді.
Сондай-ақ топ мүшелері екпе бойынша ұсыныстар берді, кездесуге қатысушыларды өздерін және бір-бірін қорғауға, медициналық мәселелерде білім деңгейін арттыруға, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін аурудың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырды.
Кездесуге барлығы 55 адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!