Ақпаратты аялдамадан алыңыз
Қарағандының жеті аялдамасында қоғамдық көлік қозғалысының сызбалары орнатылды. Урбанистика орталығы жолаушылар өмірін осылай жеңілдетпек.
Қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа тақтайшалар «19-орам», «Политех», «Станиславский атындағы театр», «№2 емхана», «Ерубаев көшесі» және «1000 ұсақ-түйек» (екі жаққа да) аялдамаларында орнатылды.
– Біз көп адамға автобус маршруттарын түсіну қиын деп ойладық. Барлық жолаушыда ақпарат көретіндей телефон бола бермейді. Телефон сөніп қалған жағдайлар да болып қалады, – дейді Урбанистика орталығының баспасөз хатшысы Айғаным Мұхамедрахымова. – Біздің схемалар туристерге, басқа елді мекеннен келген студенттерге ғана емес, жергілікті тұрғындарға да пайдалы. Олар автобуспен немесе шағын автобуспен қажетті аялдамаға қалай жетуге болатынын оңай түсіне алады. Мұндай маршруттық карталар әлемнің көптеген қаласында орнатылған, оларды барлық жастағы адамдар пайдаланады.
Ақпараттық схемалар тұжырымдамасын бүкіл команда әзірледі. Жобаны орталықтың сәулетшісі Анна Касьян іске асырды.
Стендтер демеушілер арқасында пайда болды. Егер меценаттар болса, Қарағандыда ақпараттық стендтер орнату жалғасады.
Өз тілшімізден