Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына сайлануға үміткерлер

НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сəйкес, Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына сайлануға үміткер ретінде ресми тіркелген тұлғалар сайлау қарсаңындағы бағдарламалары мен үгіт-насихат материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында ақылы негізде жариялауға құқылы.

Соған орай «Кент» Баспа үйі» ЖШС материалдарды «Qaragandy habary» газетінде жариялау төлемақысы төмендегідей мөлшерде бекітілгенін хабарлайды:

– Газеттің ішкі жəне соңғы беттерінде шығатын материалдың (суретін қоса алғанда) əр см2 – 120 теңге;

– Материал ұсынушы тараптың талабы бойынша газеттің бірінші түрлі-түсті бетіне салынатын жарияланымның (суретін қоса алғанда) əр см2 – 150 теңге;

– Бірінші түрлі-түсті бетке салынатын материалдың көлемі (суретімен қоса алғанда) 200 см2-ден аспауы тиіс. Ал асып кеткен жағдайда, қалған бөлігі əр см2 үшін 120 теңге есебімен ішкі беттерге ауыстырылып басылады.

Ескерту:

– газет аптасына бір рет (бейсенбі күні) жарық көреді;

– жариялауға ұсынылатын материал газеттің келесі нөмірі шығатын аптаның сейсенбісі күні сағат 16:00-ден кешіктірілмей тапсырылуы тиіс;

– үміткерлердің материалдары мен олардың ұсынылу реттілігі ҚР қолданыстағы заңнамасы талаптарына сай болуы міндетті.

«Qaragandy habary» газетінің редакциясы