Айрықша арт-нысан
Адам келбетіндегі стрит-арт. Қарағандыда К.С.Станиславский театры ғимаратының қырында мурал пайда болды. Онда Алматы мен Қарағандыдан келген төрт суретші жұмыс істеді. Граффити шеберлерінің командасын алматылық Дмитрий Repas басқарды. Ол өзінің repas_workshop шығармашылық шеберханасын басқарады.
– Көше өнері жанды болуы керек. Біздікінде адам беті бейнеленген. Онда жақын жерде тұратын адамдар, олардың тарихы сабақтасқан. Егер мұқият қарасаңыздар, онда көптеген мәлімет бар. Евгения Казакова өз сюжетін қара адамдардан құрады, содан кейін біз оны сахнаның шымылдығына ұқсас матаға айналдырдық. Сонымен қатар Станиславский жүйесінің негізгі бағыттарын көрсетуге тырыстық. Мұнда актерлерге арналған жатақхана бейнеленген, Станиславскийдің өзі де отыр. Адамдардың әр түрлі эмоциясы, әр түрлі көзқарасы көрсетілген. Әр үзінді туралы бір нәрсе айтуға болады, бірақ келіп көрген дұрыс, – дейді Дмитрий Repas.
Стрит-арт аймағын құрудың бастамашысы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ирина Харитонова болды. Оның айтуынша, болашақта стрит-арт жастарды жұмылдыру нүктесіне айналуы тиіс. Ол тек жарқын локация ғана емес, сонымен қатар театр өміріне ең жаңа нәрсені енгізуі тиіс.
– Менің арманым Қарағандыда ұзақ уақыт тұратын маңызды нәрсе жасау еді. Біздің арт-нысан – Қарағандының креативті индустриясын дамытудың бастапқы нүктесі. Яғни біз жай ғана қабырғаны боядық деп айтпаймыз, театр үшін әлеуметтік маңызы бар мәселені көтеріп жатырмыз, оған бизнес үшін прецедент құруға, арт-кафе ашуға көмектескіміз келеді. Мұнда көрермендерді шоғырландыру нүктесін жасағымыз келеді. Бұл – туризмді дамыту, өнерді насихаттау және, әрине, сауданы дамыту, – деді Ирина Харитонова.
Шығармашылық кештер мен кездесулер өткізу үшін әуелі көше өнерінің жанындағы аумақты абаттандыру қажет.
Өз тілшімізден