Кілем өндірісіне бейімделген Түркияның Газиантеп провинциясы Қазақстан экономикасына инвестиция салуға мүдделі


Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан экономикасына жаңа түрік инвесторларын тарту мақсатында Газиантеп привинциясына барды.
Сапар барысында Газиантеп провинциясындағы кілем, тоқымалық емес материалдар, ет және сүт өнімдері, қалдықтарды өңдеу, мұнай-химия өнеркәсібі, азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар өндірісіне маманданған 24 ірі топ пен компаниялармен кездесулер өтті.
Әлеуетті инвесторлар Қазақстанның инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін атап өтті.
Сапар нәтижесінде Газиантеп әлеуетті инвесторларының үштен бір бөлігі Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа оң көзқараста және алдағы айларда жобаларды белсенді түрде әзірлеуді бастау үшін Қазақстан қалаларына баруға ниеттерін білдірді.
Атап айтқанда, Қазақстанда кілем және ет өнімдерін шығаратын фабрикалар салу, макулатураны өңдеу және басқа да жобалар бойынша жұмысты бастау жоспарлануда.