Білім беру шоты енгізіледі

Президент тапсырмасына орай әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыда тұратын балалар мектеп формасымен тегін қамтылатын болады. Бюджеттен балаларды оқытуға бөлінетін қаражатты қамтитын білім беру шоты енгізіледі.

– Мемлекет басшысы «Қолайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру туралы тапсырма берді. Ұлттық жоба аясында үш ауысымды мектептер мен апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы толығымен шешіледі. «Қолайлы мектеп» жобасы аясында бірыңғай құрылыс және жабдықтау стандарты енгізіледі. Жоба аясында ашылатын мектептер заманауи пәндік кабинеттермен толық қамтамасыз етіліп, оқу алаңдары ұлғайтылады. Бастауыш сыныптарға, жоғары сынып оқушыларына да жеке блоктар қарастырылады. Сәйкесінше олар бөлек спортзалдармен, бөлек асханалармен қамтамасыз етіледі, – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА