Білім берудегі ерекшеліктер
Мектептердегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Білім беру ұйымдарына түрі мен меншік нысанына қарамастан педагогикалық кеңестің шешімі негізінде оқу процесі жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспарын таңдауда академиялық еркіндік беріледі.
10-сыныпта жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқыту басталады. Бір сынып бір бағыт бойынша оқиды. Аталған бағыт бойынша оқу жоспары аптасына 35 сағатқа есептелген. Бірақ бейінді пәндер бойынша сағаттар санымен ерекшеленеді. Мысалы, жаратылыстану бағытында математика, физика сынды пәндерге басымдылық берілсе, қоғамдық-гуманитарлық бағытта тарих, шет тілі сабақтарына ден қойылады.
Сондықтан, мектеп әкімшілігі ата-аналар мен оқушыларды 10-шы сыныпқа қабылдау кезінде бейіндік оқыту бағыты мен оқу жоспарымен таныстыруы тиіс.
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА