Баға үкімет бақылауында
Жаңа оқу жылына дайындық маусымы басталғалы, жұрт қымбатшылыққа шағымдана бастаған-ды. Мектеп формасы мен кеңсе тауарларының құны күрт өсіп, қарапайым халықтың қалтасына ауыр салмақ салуда. Осыған орай Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бағаны ұстап тұруды тапсырды.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша мектеп формасының бағасын ұстап тұру үшін Индустрия министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және әкімдіктермен бірлесіп Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының, ірі тігін цехтары мен ательелердің өкілдерімен келіссөздер жүргізеді; әкімдіктер аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарды атаулы көмек көрсету үшін бекітіп беретін болады.
Бүгінгі таңда мұқтаж отбасыларды қолдау үшін құрылған «Жаппай оқыту» қорына өңірлердің бәрі бірдей қаражат бөліп отырған жоқ. Сондықтан әкімдерге аталған жобаны қажетті көлемде қаржыландыру тапсырылды.
– Білімді ұрпақ – біздің басты құндылығымыз, сондықтан оқудың барлық кезеңінде оларға қолайлы жағдай жасау, қамқорлыққа алып, көңіл бөлу – біздің негізгі міндетіміз. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер мен белгілеп берген бағыттар бойынша жұмыс істеуі керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болады, – деп қорытындылады Премьер-министр.
Ақзия Оразалиева