Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 1104 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 137, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 17 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 159 279 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 17 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 727 801 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,6% немесе 680 218 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 275 617 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 58%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 17 тамыздағы мәліметтер бойынша 32 514 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 65,9%.

Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ревакцинация иммунитетті арттырады. Вакцинацияны алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгіне аласыз.