Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 1651 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 191, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 158 235 жағдай тіркелді.
Ағымдағы жылдың 11 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 727 337 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,5% немесе 679 805 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.
2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 258 196 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 54,3%-ы.
2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 11 тамыздағы мәліметтер бойынша 28 718 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 58,2%.
Облыс эпидемиологтары коронавирус инфекциясын жұқтыру және штаммның одан әрі берілу қаупін азайту үшін вакцинациялауды және қайта вакцинациялауды ұсынады. Ауру жағдайында да вакцинация оны оңай өткізуге, сондай-ақ реанимацияға жетпеуге мүмкіндік береді.
Вакцинация жасаңыз және аурудың тізбегін бұзуға өз үлесіңізді қосыңыз!