Жасыл желектің жауы кім?
Соңғы жылдары құрылыс қарқын алған кеншілер шаҺарында көкжелекке қатысты мәселе көп. Ағашты аяусыз отайтындар бұл қылықтарын құрылыс нысанын салар орынның заңдастырлуымен түсіндіреді. Ал жасыл желекке жанашырлық танытатындар қалада мәуелі ағаштар күн санап азайып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Қарапайым халықты қапаландыратыны емен, теректі кесіп есеретіндерге жазаның жеңілдігі. Жаза жеңіл болғандықтанда болар, құрылысты былай қойғанда, жәй ғана қолайсыздықты желеу етіп, ағаш отайтындар көбейді. Кезекті ағаш кескендер ісі бұл жолы әлеуметтік желіде жұрт наразылығын тудырды.
Қаланың қақ ортасында, басты көшелердің бірі саналатын Бұқар жырау даңғылы бойында жайқалған жиырмаға жуық ағаш оталды. Айналасының жайлылығын ойлаған «Абсолют» сауда үйінің иесі Анжелика Борисенко мердігер ұйымды жалдап, ағаш отауға пәрмен берген. Олар болса, ағаштарды санитарлық кесу талаптарын ескерместен аяусыз аралаған. Нәтижесінде жіптей тізіліп, біркелкі жайқалып тұрған ондаған ағаш оталды. Жұрт ашуын желіден көрген қала әкімі оқиға орнына жетті. Полицияда есеп берді. Көкжелекті кесуге ұйғарым еткен кәсіпкер ағаштар қауіп төндіретіндей халде болды деп түсіндіруге тырысқан. Дегенмен қалада ағаштардың жай-күйі, бақыланып, олар желдің екпінінен кейін құлап кетпеуі үшін уақытылы кесіліп тұратыны шындық. Ағаштардың біреудің көлігіне құлап, адам өміріне қауіп төндіріп, техникаға зақым келтірмес үшін бұл жұмыстар әр жыл сайын жүзеге асырылады. Алайда, ірі сауда орталығының алдында рұқсатсыз ағаш кесуді қолға алған кәсіпкердің нені басшылыққа алғанын түсіну қиын. Өз қылығын қала басшысына түсіндіруге арланған кәсіпкердің орнына сауда үйінің қаржы директоры шыққан. Қашандағыдай жаттанды сценарий бойынша қарағандылықтардан бұл қылықтары үшін кешірім сұрады. Өтемақы ретінде ағаштар отырғызып, олар тамыр жайғанша, баптауға уәде берді. Бірақ ондаған жылдар бойы жайқалған жасыл желектің орнын жас шыбықтың баспасыда белгілі. Оған экологтарда сенбейді.
Қарағанды экологиялық музейінің» қызметкері Ирина Игнатович
Ауа райын болжаушылардың тамызға қатысты ақпарын ескерсек, күн ыстық, жауын-шашынсыз болады. Бұл дегеніңіз жаңа егілген жас талдардың жерсінуіне өте қолайсыз. Сондықтанда шығын орны тола қалады деу қиын,- дейді.
Қазыбек би аудандық әкімдігінің жоспарлау және абаттандыру бөлімі ақпарынша адам қолынан аяусыз зардап шеккен бұл ағаштар өлімге ұшыраса, онда жазаны қатаңдату үшін тиісті материалдар жауапты органдарға жіберіледі. Жасыл желектерді заңсыз кесу бойынша арнайы бапқа сай жаза қарастырылады.
Аудандық әкімдіктің бұл ұйғарымынан бөлек облыс әкімі жанжалды жайтты жаңа аптаның басында аппараттық жиында талқыға салды. Жеңіс Қасымбек «Мен осыған дейінде жасыл желек заңсыз кесілмесін деп аудан, қала әкімдеріне тапсырма бергенмін. Бірақ өкінішке орай орын алып отырған жағдай жұмыс жасалмайтынын көрсетті.Бизнес тұтыныстағы нормативтік актілерге назар аудармайды, ал әкімдік бақыламайды. Осыдан келіп кәсіпкер ойына келгенді қылған, әрі әрекеті аяусыз» деп қатаң сынады. Бұдан бөлек бұл мәселеде құқық қорғау органдарына қосылу сұралды. Қолданыстағы заңнама аясында бизнес тарапынан өтемақылық ағаштар егілуі қадағаланып , айыпұл салу тапсырылды.
Айта кету керек, жақында өзгертілген ережелерге сәйкес, қазір бір кесілген ағаш үшін 50 жаңа ағаш отырғызу керек. Ал біздегі жағдайды ескерсек, Қарағанды алдағы 5-10 жыдда жас ағашы тамыр жайып, жайқалған бақшалы қалаға айналуы тиіс.
Бірақ бұған сену өте қиын. Өйткені жөнсіз отауға өтем ретінде егілген жас талдардың жайын қадағалау жоқтың қасы. Іс бітті, қу зытты демекші ағашты отап, артынша кешірім сұрап құтылатындар ол жердегі негізгі жұмыстары аяқталған соң ол уастокта жас ағаштарды, бір кездегі жазамыз еді деп баптап жүрмесі анық.
Әсел
ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ,
«QH»