Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 1128 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 197, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 157 844 жағдай тіркелді.
Ағымдағы жылдың 9 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 727 114 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,5% немесе 679 599 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.
2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 256 581 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 54%-ы.
2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 9 тамыздағы мәліметтер бойынша 27 147 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 55%.
COVID-19-ға қарсы ревакцинация алдыңғы вакциналардың көмегімен пайда болған вакцинадан кейінгі иммунитетті сақтауға және ағзаны аурудан қорғауды күшейтуге бағытталған. Өкінішке орай, вакцинацияланған адамдарда, сондай-ақ КВИ-мен ауырған адамдарда уақыт өте келе ағзаны инфекциядан қорғалу деңгейі төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекцияға сезімтал болады. Осыған байланысты, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинацияның алғашқы курсын алғаннан кейін 6 айдан кейін КВИ-ға қарсы ревакцинация алуды ұсынады.