Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары!


10 тамыз-қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.
Бұл күні, 10 тамыз сағат 11.00-де қалалық Орталық саябақтың жаңа сахнасы мен «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде Ұлы тұлғаның өлеңдері, қара сөздері, әндері орындалады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында барлық қатысушылармен «Көзімнің қарасы» әні бірге шырқалады.
Барлық ниет білдірушілерді ақынның құрметіне арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз!