Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов!
⚡ Екі мәрте Кеңес Одағының батыр, Авиация генерал-майоры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толды.
Сіздердің назарларыңызға батырдың өмірінен 10 қызықты деректерді ұсынамыз:
✅1922 жылы 5 тамыз күні Ақмола облысы Майбалық ауылында дүниеге келді.
✅Талғат Бигелдинов 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді.
✅Саратовтағы ұшқыштар мектебін сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.
✅Қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйренеді.
✅ «ИЛ-2» штурмовигімен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, Берлинді алуға бірінші болып қатысады.
✅ Талғат Бигелдинов мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.
✅23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, қан майданнан аман-есен оралады
✅1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз қалаларда аэропорт салу ісіне үлес қосады.
✅Шығармалары: «Илы атакуют», «Пике в бессмертие», «305 рейдов»
✅Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1992 жылғы 4 тамыздағы № 653 шешімімен Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдиновтың есімі берілді.