«Қолайлы мектеп» қолға алынады
Елімізде «Қолайлы мектеп» жобасы өз жұмысын бастайды. Енді мектептердің жабдықталуы жіті тексеріледі.
2023 жылдан бастап салынатын мектептер енді мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек. Егер робототехника, физика, химия пәндік кабинеттері қажет болса, онда мектепті соған сай жабдықтау керек. Қазіргі салынып жатқан мектептердің толық жабдықталмағаны кейін анықталып жататыны белгілі. Осы орайда елде «Қолайлы мектеп» жобасы қолға алынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Жоба аясында құрылыс материалдарының сапасын бақылап, бастауыш және жоғары сынып оқушыларын блоктарға бөлу мәселесі де қарастырылады.
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА
«QH»