Электромагнитті толқындар ағзаға қалай әсер етеді?
Осы сауалға жауап табу үшін қала тұрғындарына ұялы телефондардың, микротолқынды пештер мен компьютерлердің электромагнитті толқындарының адам ағзасына айтарлықтай зиянды екенін жеткізгіміз келді.
Электромагнитті толқындар – байланыс тізбегін құрайтын екі сым арасындағы электрлік және магниттік өрістер электромагнитті энергияның белгілі бір мөлшерінде бір-бірімен байланысатын толқындар. Бұл – күннің электромагнитті және корпускулярлық сәулеленуі. Электромагнитті толқындар әр үйде, мекемеде және адамдар тұратын барлық ортада болады. Электромагнитті толқындарды тұрмыстық теледидарлар, тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, шаңсорғыштар, компьютерлерден және ұялы телефондардан табуға болады. Электромагнитті толқындар 1000 мГц жиілікте таралуы керек, бірақ көбінесе электр құрылғылары одан асып түседі.
Мысалы, реле қосылған кезде, одан 0,2 мкТл (микротесла) электромагнитті толқындар 25 см қашықтықта шығарылады.
Тефаль шайнегінен 0,6 мкТл 20 см тарайды.
Кіржуғыш машина 50 Гц, ал теледидардың қашықтан басқару пультінен 1 метрге 1 мкТл тарайды.
Микротолқынды пеште 30 см қашықтықта 50 Гц 10,3-8 мкТл магнит өрісі бар, ал ер адамдар электр ұстарасымен сақал-мұртын қырынғанда, олар электр қуатын өз бетінен өткізеді, өйткені электр ұстарасы 100 мкТл (микротесла).
Компьютерде 60 Гц.
Базалық станцияларда электромагнитті толқындардың қуаты 5 Вт-тан 20 Вт-қа дейін, ал ірі қалаларда одан да көп болуы мүмкін.
Базалық станциялардың антенналары шығаратын электромагнитті толқындардың сәулеленуі адамдар үшін өте зиян екені анықталды. Электромагнитті өрістің әрекеті электр заряды немесе магнитті моменті бар бөлшектер арасындағы электромагнитті өріс арқылы беріледі. Туғаннан бастап адам электромагнитті сәулеленудің әсерінде болады. Адамға әсер ететін Жердің магнит өрісі – табиғи электромагнитті өріс, таусылмайтын планетарлық ресурс. Магнит өрісінің күші орнына қарай түрленеді.
Бұл сәулелер тірі ағзаға шамадан тыс әсер етсе, жүйке жүйесі, жүрек, тамырлар, эндокриндік жүйе және басқа органдарға әсер етуі мүмкін. Адамдар ұзақ уақыт электромагнитті өрістерге ұшыраса, тез шаршайды. Ұйқышылдық пайда болады, ұйқы бұзылады, жиі бас ауруы, жүйке жүйесінің бұзылуы және т.б. жүйелі сәулелену жағдайында психикалық аурулар, қан қысымының өзгеруі, жүрек соғысының баяулауы, шаштың түсуі байқалады.
Электромагнитті сәулеленудің кері әсерінен қалай қорғанамыз?
Бұл – біріншіден, ультра жоғары жиілікті және ультра жиілікті қондырғыларды дұрыс орнату. Бұдан әрі жұмыс орны мен сәулелену көзін экрандау немесе жоғары өткізгіш мыс торды шағылыстырғыш жерлендіруші экран ретінде қолдану – электромагнитті өрістердің теріс әсерінің алдын алу шаралары, аспаптар мен жабдықтарды айына кемінде бір рет тексеру, жылына бір рет медициналық тексеруден өту қажет. Күнделікті жұмыс кезінде ЭМӨ әсер ететін қызметкерлер үшін қосымша демалыс күнін қарастыру және жұмыс күнін қысқарту қажет. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды және орталық жүйке жүйесі, жүрек және көз аурулары бар адамдарды жұмысқа қабылдамаған дұрыс.
Ғалымдардың пікірінше, көптеген ауру электромагнитті толқындардың әсерінен пайда болады, олар: онкологиялық аурулар, Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы.
Электромагнитті толқындардың зияны туралы осы мақаланы оқығаннан кейін көптеген адам өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын электромагнитті толқындардың теріс әсерінен дұрыс қорғау мүмкіндігін ескереді деп үміттенемін.
Кунев М.К.,Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы