Биылғы жыл мерейтойларға толы жыл

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілідері Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына және Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған баннер Қарағанды қаласының көшелеріне орнатылды.


Классик қаламгер Ғабиден Мұстафиннің әрбір шығармасы өз дәуірінің тарихи беталыс бағдарымен үндес болды.
Жазушылар қайсыбір туындысында болмасын ел күнделікті басынан кешіп жатқан оқиғаларды көркемдік арқауына тартудың өзіндік өнегесін қалыптастырған.
Қазақ ғылымы мен әдебиетіне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қазыналы қаламгер, Ақселеу — Алашқа ортақ тұлға!
Арқаның алтын сандығы жерлес қаламгерлердің өнегелі өмір жолдары өскелең ұрпаққа қашанда үлгі болары анық!