Спутник Лайт вакцинасы туралы
Кеше біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасында ресейлік Спутник Лайт вакцинасын толық тіркеп, осы вакцинаны елге алып келу бойынша бүгінгі күні келісім-шарттар жүргізіліп жатыр.
Бұл вакцина бір дозалы вакцина. Бұл вакцинаны кез келген азаматымыз елге жеткізілгеннен кейін салдыруға құқығы бар. Вакцинаның тиімділігі 80%-ды құрайды. Кейбір азаматтарымыз екі рет салғызғысы келмесе, осы Спутник Лайт вакцинасын салдыруға болады.
Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі тіркегеннен кейін бұл вакцинаны елімізге алып келу бойынша келісім-шарт жүргізілетін болады.
Вакцинаны өндіруші Гамалея атындағы ғылыми орталықтың жетекшісінің айтуы бойынша, бұл вакцинаның айтарлықтай кері әсері жоқ. Бір ғана әсері бар, ол вакцинаны салдырғаннан кейін қызу көтерілуі мүмкін және екпе орны ауыруы мүмкін. Одан басқа кері әсері жазылмаған. Сирек кездесетін әсері болуы мүмкін, бірақ оны біздің дәрігерлеріміз азаматтарды жеке қабылдайды.
Ержан Байтанаев,
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі