Премьер-Министр Ә. Смайылов Қазақстан Республикасының 2022 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Ә. Смайылов Қазақстан Республикасының 2022 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.
Биыл қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша:
Жалпы ішкі өнім 3,4%-ке өсті.
Тауар өндірісі 4,1%-ке, қызмет көрсету саласы 2,1%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібінде (+5,8%), құрылыс (+9,2%), сауда мен көлік салаларында (+6,2%) өсімнің жоғары қарқындары орын алуда.
Сыртқы сауда тауар айналымы 41%-ке өсіп, $51 млрд құрады.
Экспорт 59%-ке, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ке өсті.
Оң сауда балансы 2,6 есеге артып, $17,1 млрд құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6%-ке өсті. «Қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктураға қарамастан, біз елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің оң серпініне ие болып отырмыз», — деді Ә. Смайылов.