Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мүмкіндіктер молайып келеді
Жиырма млн теңгеге дейін несиені қажет ететін кәсіпкерлерге «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында қолдау қарастырылған.
Бұл «Ұлттық жоба» аясында кәсіпкерлер несиесінің пайызын субсидиялап, банк талап еткен кепілзат жетпеген кезде Қордың кепілдігін ішінара қолдана алады.
📌 Бағдарламаға қатысу шарттары:
Максимал сома:
✅ инвестицияға – 20 млн теңгеге дейін
✅ айналым қаражатын толықтыруға – 5 млн теңгеге дейін
Салаға қойылатын талаптар:
✅банк берген несие бойынша – шектеу жоқ
✅МҚҰ берген несие бойынша – басымдық берілген салалар
Субсидия мөлшері:
✅кәсіпкер төлейтін мөлшерлеме – 6%
✅моно және шағын қалалардағы, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін – 5 %
✅микроқаржы ұйымдары берген несие – 28%-дан аспайды
Мерзімі:
✅инвестицияға – 3 жыл
✅АҚТ – 2 жыл
🔸 Кепілдік көлемі – несие сомасының 85%-ына дейін
🔸 Кепілдік мерзімі – несие мерзімі ішінде
Қазіргі кезде бұл бағыт бойынша субсидия бөліп, кепілдік беру үшін 3 банкпен шарт жасалды. Олар: @halykbank.kz; @jusankz ; @eurasianbank.
Бағдарлама шарттарын қордың Қазақстанның барлық өңіріндегі филиалынан немесе 1408 қысқа нөмірінен колл-орталыққа тегін қоңырау шалып, https://damu.kz/kz/programmi/ сілтемесіне өтіп таныса аласыз.
📍 «Даму Қоры». Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.