Жетісу облысының медицина мамандары марапатталды

Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында «2022 жылдың үздік медициналық қызметкері» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Облыс көлемінде өткізілген байқауда «Емхананың үздік дәрігері» атанған Ескелді орталық аудандық ауруханасының дәрігері Бижамал Күлбековаға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 7 млн. теңгенің сертификаты мен арнайы диплом тапсырды. Сол сияқты бірнеше номинация бойынша жеңімпаз деп танылған мекемелер мен мамандар, ерекше еңбегімен көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Олардың арасында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға үлес қосып жүрген кардиологтар, анестезиолог-реаниматологтар, неврологтар, офтальмологтар, педиатрлар, акушер-гинекологтар, фельдшерлер, фармацевтер, травматологтар, мебикелер және басқа да мамандар бар, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.