Қарағанды қаласында «Әнім саған, Қарағанды» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
«Менің қалам» жобасы мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі (балалар мен жастар) вокалдық орындаушылар арасында өткізілетін «Әнім саған, Қарағанды» байқауын жариялайды. Жоба «2022-жыл балалар жылы» аясында өтеді.
Байқау Қарағанды қаласының әкімдігі және «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен, «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша жүзеге асады. Жобаның мақсаты – қарағандылықтардың дарындарын ашу және Қарағанды тұрғындарын «Менің қалам» әлеуметтік-маңызды жобасына назарын аударту, сондай-ақ өскелең ұрпаққа эстетикалық және мәдени тәрбиені дарыту және қала балалары мен жастарын шығармашылыққа тарту.
Байқауға қатысу үшін байқауға қатысушы өтінімді белгіленген нысан (байқау туралы Ережеге қосымша) бойынша Гоголь көшесі, 31, 204 кеңсе мекенжайы бойынша толтырып, Ұйымдастыру комитетке тапсыруы қажет немесе сілтеме бойынша толтыруға болады https://forms.gle/feGNu5LhWNemuFKD7. Конкурс ережесімен толығырақ мына сайттан mykaragandincy.kz танысуға болады.
Өтінімдер 30 маусымға дейін қабылданады. Байқау тамыз айында өтеді