Құнартылған ұнның пайдасы
Ұнды Қазақстанда құнарландыру халықтың денсаулығы мен елімізді экономикалық нығайтуға мүмкіндік береді. Құнарландыру (фортификация) дегеніміз — ұн тарту кезінде белгілі бір көлемде дәрумендер мен минералдар қосу процесі. Бұл — өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қоспа элементтер тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органолептикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Ұнды ауқымды деңгейде құнарландыру үшін қажет шаралар туралы, сондай-ақ қазақстандықтардың денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды жетілдіру үшін аталған ұсыныстарды ескерудің маңызы зор. Адам ағзасында дәрумендер мен минералдар жетіспеушілігінің салдары — адам денсаулығына қауіп төндіретін проблемалардың бірі, ол ас құрамында темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінен пайда болады.
Темір мен фолий қышқылы жетіспеушілігінің ересек адамдарға келтіретін салдары:
- жүктілік пен босану кезіндегі өлімнің 4 %-ы қаназдыққа байланысты;
- салмағы аз, шала туған балалардың 30–40 %-ы қаны аз әйелдердің босануына байланысты;
- барлық жүрек- тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциясы бұзылады;
- шала туу, күтпеген түсік пен өлі туу, нәресте дамуындағы туабітті ақау: миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуы, омыртқаның бөлшектенуі, жақ сүйек-бет пішінінің өзгеруіне байланысты жоғары деңгейдегі қауіп- қатер т. б. Балаларға келетін салдар:
- дене бітімінің психомоторлық дамуындағы жетілмеуі;
- әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауы.
Қазақстанда қаназдық каупіне миллиондаған адам ұшырайды. Бүгінгі күні қаназдық микроэлементтер тапшылығынан кең таралған салдардың бірден-бірі болып отыр. Ол адам денсаулығы мен ырыс-берекесіне ғана емес, жалпы еліміздің әлеуметтік өмірі мен экономикасына қауіпті зардап тигізеді. Дене және ақыл-ой белсенділігінің төмендеуі еңбек өнімділігінің азаюына себеп болады. Қазақстанда халықтың әлсіз тобы арасында қаназдықтың таралуы әлі де маңызды мәселелер қатарында. Осыған байланысты халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында қазіргі уақытта «Жоғары және бірінші сортты бидай ұнын құнарландыруға жүргізілетін бақылауды күшейту туралы» ҚР ДСМ МСЭҚК төрағасының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 70 бұйрығының орындалуы барысында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы аумағында орналасқан диірмен кешендері, атап айтқанда, «Эталон ЛТД» ЖШС, «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, «Ақжайық» ЖШС, «Сарыарқа» ЖШС, «Дамир АА» ЖШС, «Өркентау LTD» ЖШС, «BEST MILL» ЖШС, «GrainExport- NS» ЖШС құнартылған ұн шығарады. Аталған ұнды Қарағанды қаласының барлық сауда орнынан және базарлардан сатып алуға болады. Олар ыңғайлы 2, 5, 10, 25, 50 келі көлеміндегі қағаз және полипропилен қаптамаларында сатылады. Құнартылған ұн тұтыну адам ағзасында қаназдықтың орын алуына жол бермейді, адам ағзасының иммунитетін нығайтуға ықпал етеді.
Дені саудың жаны сау, денсаулықты сақтау өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар.
«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ