Е.Елемес: Азаматтардың референдумға баруы — олардың Президентке деген сенімінің белгісі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекеттік дамудың жаңа кезеңі: Әділетті Қазақстан құру» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел барысында саясаттанушы Еламан Елемес адамдардың референдумға қатысуына қатысты пікірін білдірді.

«Жаңа Қазақстанды құру бір күндік процес емес, ол кешенді жоспарды қамтитын ауқымды іс-шаралар. Қоғам бір күнде жаңарып, рефрендумнан кейін өзгеріп кетпейді. Азаматтардың белсенділік танытып, рефрендумға баруы, олардың Президентке деген сенімінің белгісі. Олар болашақтан үміт күтеді, және сол өзгерістердің болуына мүдделі болғандықтан өздерінің азаматтық позициясын білдірді. Жалпы реформалардың басты мақсаты — жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, саяси белсенділігі жоғары азаматтық қоғам құру. Әділетті қоғамның негізгі принципі де сол. Әр азамат өзінің еркін білдіре алатындай өзінің заңнамалық тұрғыдан қорғалғанын сезінетін қоғам орнату»,- деді спикер.