Өз таңдауларын жасап жатыр

Қазіргі уақытта, қаламыздың қоғам белсенділері, спортшылары, өнер майталмандары республикалық референдумда өз таңдауларын жасап жатыр. Солардың бірі, Қарағанды облысының «Вайнах» Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Увайс Хаважиевич Джанаевта бар.


«Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері татулықта, ынтымақта өмір сүреді. Қазақстан толерантты мемлекет екені барша әлемге аян. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым» деп Увайс Хаважиевич атап өтті.