Фейк: «Референдумдағы бюллетеньдер бойынша қазақ тілін меңгерген тұрғындардың пайызы есептелетін болады»
Әлеуметтік желіде референдумда қазақ тіліндегі бюллетеньді талап етуге шақыратын ақпарат таралуда. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақ тілді және орыс тілді халқының пайызы есептеледі екен. Бұл фейк.
Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп өз Facebook парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды.
–»Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз! Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын», – деп жазды Нұртөре Жүсіп.
Республикалық референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігі БАҚ-та түсіндірілді. Азаматтар таңдалған жауапқа кез келген белгі қоюы керек. Бюллетеньде Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты бір ғана сұрақ болады.