«Барлығына ұзақ өмір» атты еуропалық иммундау апталығы
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданында 2022 жылдың 24 сәуірінен бастап 30 сәуірге дейін «Барлығына ұзақ өмір» тақырыбымен еуропалық иммундау апталығы жүргізілуде.
Аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңызы туралы ақпараттарды арттыру мақсатында жыл сайын осындай еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) өткізіледі.
Иммундау апталығының мақсаты — «халықтың хабардар болу деңгейін көтеру және иммундауға сұранысты арттыру», жұқпалы аурулардың алдын алуда профилактикалық екпенің маңыздылығын түсіндіру, түрлі себеппен егілмей қалған тұлғаларды анықтау. Халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді көзқарас қалыптастыру және тұрғындарды Қазақстан Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жайттарына байланысты екпемен толық қамту, әр түрлі жұқпалы аурудан қорғау. Иммундау апталығында егілмей қалып жатқан басқа мемлекеттерден келген, тіркеусіз, тұрақты мекенжайлары жоқ халық топтарын, дін қауымдарын анықтап, есепке алу және жұқпалы ауруларға қарсы осындай иммундау жұмыстары ұйымдастырылады. Әр адам ның ұзақ және салауатты өмір сүруіне септігін тигізетін вакциналарға тең және кеңінен қолжетімділіктің маңыздылығын атап өту.
Осы аптада жоспарлы вакциналаудың өмір бойына денсаулық пен салауаттылықты сақтауға қосқан үлесі және COVID-19-ға қарсы вакциналаудың пандемиялық шектеулерді еңсеруге ықпал ететін өмірлік маңызды құрал екені аталып өтеді.
2022 жылғы еуропалық иммундау апталығының басты жолдаулары:
- Вакциналардың құндылығы дозамен емес, салауатты және ұзақ өмір сүрумен өлшенеді;
- Вакциналар бәрімізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек;
- Вакциналар — барлық уақыттағы ең тиімді ғылыми өнертабыстардың бірі, олар ұрпақты көптеген жұқпалы аурудан қорғауға сеп болады;
Қызылша, диарея мен пневмонияның кейбір себебі сияқты бір кездері жиі кездесетін аурулардың алдын алуға арналған вакциналар бүкіл әлем бойынша балалардың ұзақ және толық өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Біз халық арасында жұқпалардың таралуын тоқтатып отырған иммундаумен қамтуды жоғары деңгейде ұстамасақ, көптеген жағымсыз жағдайға соқтыруы мүмкін. Ол — алдын алуға мүмкіндік болған аурулардың, өлім, қайғылы жағдайлардың пайда болуы, және экономикалық шығындар.
Иммундауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арнайы сертификат берген, Қазақстан Республикасында тіркелген вакциналар қолданылады. Халықты жоспарлы иммундау жұмыстары арқасында ауданымызда балалар арасында биыл қызылша, қызамық, полимелит, дифтерия, көкжөтел және «В» вирусты гепатиті аурулары тіркелген жоқ.
Ал иммундау апталығы — өзіңізді және отбасыңызды жұқпалы аурулардан қорғаудың тағы бір мүмкіндігі. Жұқпалардан өзіңізді және балаларыңызды сақтап қалу үшін әрқашан да уақытылы егілу қажет.
Барлық адам қай жерде болса да өзіне қажет және лайықты вакцинаға тегін қол жеткізе алуы керек.
Иммундау апталығы аясында Қазыбек би ауданында семинарлар, тұрғындардан сауалнама алу, дөңгелек үстелдер өткізілуде, «жедел желі» телефондары жұмыс істеуде.
Иммундау апталығы туралы барлық сұрақ бойынша Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарласып, ақпарат алуға болады: 8(7212) 51-96-87, 52-96-91.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы