Қ.Тоқаев: Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек
Қ.Тоқаев: Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек «Ассамблея жаңа болмысында бұрынғыдай бейбітшілік пен келісім саясатымыздың берік институционалдық тірегі болады деп сенемін. Бүгінгі сессияның міндеттері – Ассамблеяның саяси жүйені реформалаудағы орны мен рөлін айқындау, оның одан әрі даму векторын белгілеу. «Біз әр түрліміз – бірақ біз біргеміз» қағидаты саяси жаңғыртудың іргелі құрамдас бөлігі болып табылады, — деді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында сөйлеген сөзінде.
Бұл ретте саяси және әлеуметтік плюрализмнің радикалды формаларға енуіне жол бермеу керек. Сонымен қатар, азаматтарды кемсітуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға жол берілмейді.
«Мәжілістегі Ассамблея квотасын жою демократиялық сайлау стандарттарын сақтауға қатысты бірқатар мәселелерді жояды. Бұл ретте Ассамблея атынан сайланған сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандық негізінде Қазақстанның этностық топтарының мүдделер жиынтығын білдіретін болады. Мұндай үлгі халықаралық тәжірибені және Қазақстанның парламенттік жүйесінің ерекшелігін барабар көрсетеді.
«Осыған байланысты Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді әрі ашық рәсімдерін әзірлеуі керек. Осы мәселелердің барлығы жаңарған «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңда көрініс табуы тиіс», – деді Қ.Тоқаев.