Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Қазақстан, бұл — Әділетті Қазақстан
Біздің азаматтар «Жаңа Қазақстан деген не?» — деген сұрақты қояды» , — Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезінде сөйлеген сөзінде.
«Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа әрі толыққанды жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан, бұл шындығында Әділетті Қазақстан».
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси архитектурасын кешенді қайта форматтауға, билік тармақтары арасында тежемелік әрі тепе-теңдіктің неғұрлым теңдестірілген жүйесін құруға бағытталған.
Біз суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі кетіп, парламенттің, мәслихаттардың өкілеттігін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі партиялық-саяси саланы жаңғырту болып табылады.
Елімізде жаңа партиялар құрылады, ал қазіргі партиялар өз қызметтерін азаматтардың талаптарына және уақыт ағымына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды».